Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан тарапы кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

ашық дереккөзі

Қазақстан мен Өзбекстан тарапы кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Шағын құрамдағы кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде өзара тауар айналымын ұлғайтуға, инвестиция тартуға, өнеркәсіп, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, транзит әлеуеті және көлік логистикасы салаларындағы кооперацияны дамытуға баса мән берді. Сондай-ақ білім беру және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекет мәселесі де талқыланды.