Электр пойыздың сырты жаңажылдық тематикада, ал іші отандық қолөнершілердің қолымен жасалған панно және жастықшалармен әрленген деп хабарлады turkystan.kz.
Турпойыз Астана – Көкшетау бағыты бойынша күнде 2023 жылдың қаңтар айының соңына дейін жүріп тұрады.
Жүру кестесі:
«Пойыздың кестесіне сай қысқаша турлар да әзірленген. Мысалға, келген туристерге BurabayLand аумағында атпен, не ит пен бұғы жегілген шаналармен, квадроцикл және басқа да көлікпен серуендеу ұсынылады. Аталған турпойыз бен турлар @madeniet_sport_ministligi қолдауымен @kazakhtourism_official @railways және @burabay_resort бірлесе әзірлеген жоба саналады», - деді Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Серікпаева.