Ташкентте Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

22 желтоқсан, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Ташкентте Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми кездесу өткізу үшін халықаралық конгресс орталығына келді деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі халықаралық конгресс орталығында өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Өзбекстанның Әнұрандары орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.