Жаңалықтар

Данияр МҰҚИТАНОВ: Белсенді жастар – еліміздің қоғамдық-саяси өмірін қалыптастырушылар

ашық дереккөзі

Данияр МҰҚИТАНОВ: Белсенді жастар – еліміздің қоғамдық-саяси өмірін қалыптастырушылар

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясында Жас саясаткер мектебі ашылған болатын. Басты мақсат – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі жастардың рөлін күшейту. Осыған орай Жас саясаткер мектебі арнайы оқыту бағдарламасын әзірлеген. Оның алғашқы легіне еліміздің әр өңірінен келген 50 қатысушы қабылданып, білімін жетілдірді. Осы орайда «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры Данияр Мұқитановтан жаңа бастаманың жай-жапсары туралы сұраған едік. – Жақында Саяси менеджмент ака­де­миясы «Жас саясаткерлер мектебі» бір апталық оқыту бағдарламасын аяқтады. Алды­мен академияның жастарды оқы­тудағы негізгі мақсатына тоқталсаңыз. – Партия басшыларының кәсібилігін, сон­дай-ақ саяси активтің біліктілігін арт­тыру мақсатында құрылған «AMANAT» пар­тия­сының Саяси менеджмент академиясы оқу бағдарламаларын қайта қарап, жастар­мен жұмыс істеу бойынша жаңа модульдер мен бағыттар ұсынған болатын. Жаңа жас саясаткерлерді табу және олардың біліктілігін арттыру мақ­са­тында Астана қаласында қарқынды 5 күн­дік оқыту бағдарламасынан өту үшін Қа­­­зақстанның әр өңірінен 50 қатысушы ірік­теліп алынды. Олар көпшілік алдында сөй­леу, саяси коммуникация, жобаларды бас­қару, көшбасшылық бойынша тренинг­терге, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістерге қатысты. Оқыту блогынан бөлек, бағдарламада белгілі саяси және қоғам қайраткерлерімен, ға­лым­дармен, Парламент депутаттарымен кез­де­сулер қарастырылған. Қатысушылар ел да­муына ерекше үлес қосуға ұмтылады. Ірік­тел­ген 50 адам мансабын жоғарылатуға және Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатын өз дағ­дысын, білімі мен құзыретін дамытуға мүмкіндігі бар. – Жас саясаткер мектебінің оқыту бағ­дарламасына қатысатын жастар қа­лай іріктелді? – «Жас саясаткер мектебі» семинар-тре­нин­гіне қатысуға үміткерлерді іріктеу Саяси ме­неджмент академиясының және «AMANAT» партиясының ресми сайтында және әлеу­меттік желілерде хабарландыру орналастыру ар­қылы ашық түрде өтті. Оқуға қатысуға бар­лығы 154 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 20 адам «Жастар Рухы» жастар қанаты ұсын­ған «Жастар Рухы» филиалдарының төра­ғасы. Тәуелсіз сарапшылардан құралған конкурстық комиссия үміткерлердің ман­сап жолындағы жетістігі, көшбасшылық әлеуе­ті, оқуға деген ынта-жігері сияқты бекі­тіл­ген талаптар бойынша онлайн әңгімелесу барысында ең көп балл жинаған 30 жас бел­сенді мен партия қызметкерлерін іріктеп ал­ды. Жас белсенділердің арасында білім беру, медицина, мәдениет, бизнес және кәсіп­кер­лік, құрылыс салаларының, қоғамдық жә­не қайырымдылық қорлардың, «Атамекен» кә­сіпкерлер палатасының өкілдері болды. – Қатысушылар негізінен қай бағыт­та білім алады? Оқыту бағдарламасы тура­лы толығырақ айтып берсеңіз. – Оқыту бағдарламасы жас саясаткер­лер­дің мансабын дамытуға және Әділетті Қа­зақстанды құруға көмектесетін дағды­лар­ды, білім мен құзыреттерді жетілдіруге ба­ғыт­талған. Жас белсенділерді оқыту бағдар­ла­масы аясында келесідей 4 модуль қарас­тырылды. «Саяси процестер» деп аталатын бірінші модульде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары айтылып, Қазақ­станның саяси жүйесі және онда болып жат­қан реформалар, жаңа партиялық жоба­лар, партияның саяси платформасы, Қазақ­станда жергілікті өзін-өзі басқаруды да­мытудың 2025 жылға дейінгі тұжырым­дама­сы талқыланды. Екінші «Көшбасшылық» мо­дулі барысында қазіргі көшбасшының болмысы ашылып, көшбасшылық мәселесі феномен ретінде зерттелді, сондай-ақ көш­басшылықтың үш ішкі себебі ашылып жет­кізілді. Осы аталған модуль аясында тыңдау­шы­лар көшбасшылық, көшбасшы­лық құзыреттілігінің қасиеттері бойынша өзін-өзі диагностикалаудан өтті. Тренер топ­тық жұмыс ұйымдастырып, онда әр ко­ман­да көшбасшының портретін жасады. «Саяси коммуникациялар» атты үшінші модуль барысында тыңдаушыларға көпшілік ал­дында сөз сөйлеу, ішкі тыныштықты сақ­тау, күрделі, келеңсіз сұрақтарға жауап бере білу және басқа да мәселелер бойынша негіз­гі ұғымдар мен бағыттарға қатысты білім беріл­ді. Тренинг барысында дикцияны жақ­сар­ту, ұстамды болу, сөйлеу мәтінін есте сақ­тау, паразиттік сөздерді қолданбау бойын­ша практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінді. Осы модульді оқу аясында тыңдау­шы­лар­ға селфбрендинг ұғымы таныс­ты­рылып, оның өзектілігі жеткізілді. Әлеу­мет­тік желілердегі негативпен күресу мақ­са­тын­да оның қалай жіктелетіні айтылып, не­гативке жауап беру нұсқалары талқы­лан­ды. Сондай-ақ бұл мәселенің құқықтық ас­пек­тілері де қарастырылды. Соңғы «Жобаларды басқару» модулі шең­берінде әлеуметтік сипаттағы мә­селелерді шешу саласындағы үздік тәжіри­бе­лер мен мысалдарға шолу жүргізілді. Во­лон­терлік, әлеуметтік жобалар және әлеу­меттік кәсіпкерлік туралы ақпарат берілді. Қа­тысушылар әлеуметтік жобаларды құру бойын­ша нақты құралдар, қаражат тарту бойын­ша ақпараттар алды. Оқыту соңында қатысушылар еліміз­де­гі әлеуметтік мәселелердің шешім­де­рін әзірледі. Жалпы, тренингте прак­тика­лық бөлімге үлкен көңіл бөлінді. Әр тренер қа­тысушыларға белгілі бір бағыттағы дағ­ды­ларды жетілдіру және жұмысты жақсарту бойын­ша ұсыныстар берді. Сондай-ақ жас­тардың дайындық деңгейінің жоғары екені, ол­а­рдың белсенді ұстанымы, жаңа дү­ние­лерді білуге деген ұмтылысы, әртүрлі сала­да­ғы тәжірибесімен бөлісуге деген ниеті ерек­ше аталып өтті. – Саяси менеджмент академиясы сая­си кадрларды даярлау ісінде қандай жаңа тәсілдерді қолданып жатыр? – Оқыту бағдарламасына қатысушылар үшін Қазақстанның жетекші саяси қай­рат­керлерімен, өз саласындағы көшбас­шы­лар­мен кездесулер ұйымдастырылды. Олардың қатарында «AMANAT» партиясының атқару­шы хатшысы Асхат Оралов, Оқу-ағарту ми­­­нистрі Асхат Аймағамбетов, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры М. Мадиев бар. Сонымен қа­тар білім алушылар Парламент Мәжілісіне ба­рып, депутаттармен кездесті. Кездесу барысында шақырылған әрбір қонақ өзінің көшбасшы ретінде қа­лыптасу тәжірибесімен бөлісіп, оқытуға қа­тысушылардың көптеген сұрағына жауап берді. Кездесуге қатысушылар осы мүмкін­дік­ті пайдалана отырып, өз өңірлерінің проб­лемалық мәселелерін көтерді. Академия «Жас саясаткер мектебі» тре­нинг-воркшопынан бөлек көшбасшы әйел­дерді, ауыл әкімдерін, партия қызметкерлерін оқы­туға бағытталған жаңа жобаларды іске асы­рып жатыр. Қазақстан Президентінің ке­зек­тен тыс сайлауын өткізу шеңберінде ба­қылаушыларға арналған ауқымды оқыту жұ­мыстары жүргізілді. Трансформация аясында академия штат­тан тыс тренерлерді тарту про­це­сін жүйелендіріп, регламенттеді, оларды іріктеу талаптары мен рәсімдері әзірленіп, бекітілді. Бұдан бөлек, жеке тақырыптар бойын­ша бірреттік шашыраңқы тренинг­тер­ден кешенді, модульдік оқыту бағдарла­ма­ларына көшу процесі жүргізіліп жатыр. Тың­даушыларды қызықтыру үшін офлайн жә­не онлайн оқытуды біріктіретін аралас оқы­ту бағдарламалары енгізілді. Академия «Жас саясаткер мектебі» ая­сын­да жаңа жас саясаткерлердің біліктілігін арттыру бойынша осы басталған жұмысты одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр. Өйт­кені дәл осы белсенді жастар еліміздің қо­ғамдық-саяси өмірін қалыптастырудың не­гізі. Сондай-ақ «Томирис» бағдарламасы бойын­ша әйелдерді оқыту, партия активі мен депутаттарды оқыту және басқа да жо­балар жалғасын табады. – Әңгімеңізге рақмет!