Коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп келеді

22 желтоқсан, 2022 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп келеді Өткен тәулікте Қазақстанда 282 тұрғын коронавирус індетіне шалдықты деп хабарлады turkystan.kz. 22 желтоқсандағы мәлімет бойынша, елімізде 2 414 адам коронавирус инфекциясынан (–2 291+ және 123 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 311 пациент стационарда, 2 103 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр» деп жазды Денсаулық сақтау министрлігінен.