«Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді. Сондай-ақ жүргізушілерден тасжолдың жабылуы туралы хабарламаларды мұқият қадағалауды сұраймыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға 1403 қысқа нөмірі бойынша «Қазавтожолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына хабарласу ұсынылады» деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінен.