Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданында болған деп хабарлады turkystan.kz.

Hyundai автокөлігін басқарған 44 жастағы ер адам Кеген-Көкпек-Түп автожолының 60-шақырымында рөлге ие бола алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Mitsubishi-мен соқтығысқан.

Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, тағы екі зардап шеккен адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалардың тағайындалуымен ҚР ҚК 345-баптың 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Кеген АПБ бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Әбділдаев.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button