Павлодарда 6 жасар бала өртеніп кетті (ВИДЕО)

Павлодарда 6 жасар бала өртеніп кетті (ВИДЕО)

Павлодарда 6 жасар бала өртеніп кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қайғылы оқиға облыс орталығындағы жекеменшік үйлердің бірінде болған. 5 бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Өрт сөндіру кезінде үйден 6 жастағы баланың мүрдесі табылды.
«Оқиға орнында сараптама мамандары жұмыс істеуде. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан басталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша іс қозғалып отыр», - деді Павлодар қалалық ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Тілекжан Галямов.
Өрттен 2 адам зардап шекті. 39 жастағы әйел уланып қалған. 60 жастағы үй иесінің аяғы күйіпті. Қазір ауруханада ем алып жатыр. Естеріңізге салайық, күні кеше ғана Тереңкөл ауданында да үй өртеніп, атасы мен немересі қайтыс болды. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 3 бала өрттен көз жұмды.