Жаңалықтар

Келесі жылға арналған нақты міндеттер белгіленді - Үкімет басшысы

ашық дереккөзі

Келесі жылға арналған нақты міндеттер белгіленді - Үкімет басшысы

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен дипломатиялық корпус, БҰҰ және БҰҰДБ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің 6-отырысын өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Отырысқа қатысушылар биылғы ведомствоаралық жұмыс топтары қызметінің қорытындысын, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ өңірлік хабын ашу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысын қарады, сондай-ақ ОДМ-ды іске асырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады.