Жаңалықтар

«АMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы сайланды

ашық дереккөзі

«АMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы сайланды

Ел аумағында «AMANAT» партиясы филиалдарының конференциялары жалғасып жатыр. Бүгін «AMANAT»партиясы Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІХ конференциясы өтті.

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы, аймақтағы саяси кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов аманаттықтардың алдында демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстанды құру міндеттері тұрғанын атап өтті.

«Мысалы, биыл өңірде 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл шамамен 3600 пәтерді құрайды. Қарағанды және Теміртау қалаларындағы 2 мыңнан астам тұрғын үйге газ тарату желілері тартылды. Облыс аумағындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2 мың орын ашылды. Қарағанды қаласында 28 балалар спорт алаңы орнатылып, 600 оқушыға арналған мектеп салынды. Шахтинск қаласында аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылды», – деп атап өтті Бекзат Алтынбеков.

Қарағанды облысында партия қатарында өңірдің 34 мыңнан астам тұрғыны бар, 271 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, осы аптада еліміздің бірқатар өңірінде партиялық конференциялар өтіп, онда «AMANAT»-тың облыстық филиалдарының жаңа төрағалары сайланды. Мәселен, Ақмола облысында – Айна Мысырәлімова, Павлодар облысында – Илья Теренченко, Абай облысында – Қуаныш Сүлейменов болды. СҚО-да – Әсем Рахметова, ШҚО-да Сайрангүл Жұмаділова облыстық филиалдың төрағасы болып сайланды.