Жаңалықтар

Nickelodeon «Спанч Боб» мультсериалын қазақ тілінде көрсетеді

ашық дереккөзі

Nickelodeon «Спанч Боб» мультсериалын қазақ тілінде көрсетеді

2023 жылдан бастап Nickelodeon телеарнасы «Шаршы шалбар Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясын қазақ тілінде көрсетеді. Бұл туралы аталған телеарнаның вице-президенті Мария Косарева айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Келесі жылы кішкентай көрермендеріміз тамашалайтын контентке қысқаша тоқталып өтсем. Ол - «Коралл» лагерінің жалғасы, яғни «Шаршы шалбардың» (Спанч Боб) балалық шағы. Бұл достық жайындағы тамаша оқиға және әртүрлі адамдардың ортақ тіл табысуы жайында сыр шертеді. Мультфильм - International мен Nickelodeon Үндістанның бірлескен туындысы», - деді ол елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиафорумында. Оның айтуынша, оқиға желісінде екі ағайынды уақыт машинасын тауып алып, саяхатқа шығады. Мультфильмде батыс пен шығыстың мәдениеті тамаша үйлестірілген. «Жалпы, келесі жылы көрермен 400-ден астам серияны қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік алады. Мұнан өзге де тосынсыйлар әзірлеп жатырмыз», - деді Мария Косарева.