«Күміс жас» жобасына кімдер қатыса алады?

«Күміс жас» жобасына кімдер қатыса алады?

«Күміс жас» жобасына кімдер қатыса алады?
ашық дереккөзі
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет жасына дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысу кезеңі мен субсидия мөлшері ұлғаяды деп хабарлады turkystan.kz. Аталған жобаға 50 жасқа толған қазақстандықтар 3 жылға дейін қатыса алады. Жобаны іске асыру шеңберінде жұмыс берушілер мемлекеттен белгіленген жалақы мөлшерінің 50%-ына субсидия ала отырып, зейнет жасына дейінгі (58 жастан бастап) адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды. Келер жылдан бастап жобаға қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар кіреді. Қатысу мерзімі (36 айға дейін) мен жалақы бойынша субсидия мөлшері ұлғаяды. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды. Айта кетсек, «Күміс жас» жобасы аясында жыл сайын кемінде 15 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.