Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады?

21 желтоқсан, 2022 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады? 2023 жылы қаңтар айындағы демалыс күндері белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа жыл мерекесі үш күнге 1, 2 және 3 қаңтарға түседі. Рождество мерекесі 7 қаңтар сенбіге сәйкес келеді. Сол себепті қосымша демалыс күні берілмейді. Қаңтар айында жалпы сенбі мен жексенбі күндерін қоса есептегенде барлығы 11 күн демалыс болады.