Ақсу зауытында жұмысшы қаза тапты

Ақсу зауытында жұмысшы қаза тапты

Ақсу зауытында жұмысшы қаза тапты
ашық дереккөзі
Ақсу ферроқорытпа зауытында ер адам қаза болды. Бұл туралы зауыттың Instagram парақшасында жарияланды деп жазды turkystan.kz. Оқиға 20 желтоқсан күні сағат 08.21-де Ақсу ферроқорытпа зауытындағы​ балқыту цехында болған. Конвейер жабдығына қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алған.
«Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен адам Ақсу орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды», - делінген жазбада.
Оқиға туралы мемлекеттік мекемелерге хабарланып, тергеу басталды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Зауыт марқұмның отбасына барлық қажет көмек көрсетілетінін атап өтті.