Аргентинаның жеңісін тойлаған 22 жастағы жігіт қаза тапты

Аргентинаның жеңісін тойлаған 22 жастағы жігіт қаза тапты

Аргентинаның жеңісін тойлаған 22 жастағы жігіт қаза тапты
ашық дереккөзі
Аргентинаның жанкүйері ұлттық құрамасының Катардағы әлем чемпионатында жеңіске жеткенін тойлау кезінде көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға Буэнос-Айрес провинциясындағы Баия-Бланка қаласында болған. 22 жастағы жігіт қаланы мотоциклмен кезіп жүргенде мойнындағы Аргентинаның туы дөңгелекке ілініп қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол сол жерде тұншығып мерт болған. 18 желтоқсанда Аргентина құрамасы өз тарихында үшінші рет әлем чемпионы атанды. 20 желтоқсан елде демалыс ретінде жарияланды, бұл жанкүйерлердің ел астанасындағы чемпиондық шеруді тамашалау үшін жасалды.