Өзбекстанда министрліктер мен ведомстволар саны екі есеге қысқарады

Өзбекстанда министрліктер мен ведомстволар саны екі есеге қысқарады

Өзбекстанда министрліктер мен ведомстволар саны екі есеге қысқарады
ашық дереккөзі
Өзбекстанда келер жылы министрліктер мен ведомстволардың саны екі есе, яғни 61-ден 28-ге дейін қысқарады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы сейсенбі күні президент Шавкат Мирзиёев мәлім етті.
«Бұдан былай, министрлер ескі әдіспен жұмыс істемейді. Министрдің өз саласында нақты стратегиялық ұстанымдары болмаса және оның қызметі халықтың мәселесін жеңілдетпесе, мұндай басшының не керегі бар? Жалпы алғанда, әкімшілік реформа аясында министрліктер мен ведомстволардың саны 61-ден 28-ге, шенеуніктердің саны 35 пайызға қысқарады», - деді Өзбекстан президенті Ш.Мирзиёев парламент пен халыққа жасаған дәстүрлі үндеуінде.