«Жаман ұлт деген түсінік жоқ» – Димаш Құдайберген

«Жаман ұлт деген түсінік жоқ» – Димаш Құдайберген

«Жаман ұлт деген түсінік жоқ» – Димаш Құдайберген
ашық дереккөзі
Танымал әнші Димаш Құдайберген Орта Азия медиафорумына қатысып, сөз сөйледі деп хабарлады turkystan.kz. Медиафорумның кезекті сессиясында «Бейбітшілік этикасы» тақырыбында әнші Димаш Құдайберген сөз сөйледі.
«Жаман ұлт деген түсінік жоқ. Нашар Мемлекет басшылары бар. Мұны мойындау керек. Біз нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінеміз. Бірақ бәріміз Жер-ананың баласы екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз - бір күннің, бір аспанның перзентіміз», - деді әнші.
Сондай-ақ Димашқа «Еліміздің дамуы мен бейбіт ел болуы үшін жастар қандай шешім қабылдауы керек?» деген сұрақ қойылды.
«Ең алдымен, адамдарда бір-біріне деген адамгершілік болуы тиіс. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа біздің ұлттық құндылығымыз - Тәуелсіздік екенін ұғындыруымыз қажет», -  деп жауап берді ол.