«Алтын адамсың!»: марқұм Асқар Забикулиннің жары жазба жариялады

«Алтын адамсың!»: марқұм Асқар Забикулиннің жары жазба жариялады

«Алтын адамсың!»: марқұм Асқар Забикулиннің жары жазба жариялады
ашық дереккөзі
«Человек года Евразии» ұйымдастыру комитетінің шешімімен Асқар Забикулин «Жыл адамы» байқауында «Алтын адам» премиясының лауреаты атанды. Сыйлық өрт сөндірушінің жары Анель Забикулинаға табысталды деп хабарлады turkystan.kz. Осы іс-шарадан кейін Анель әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба қалдырған. «Біз қазір демалыста жүруіміз керек еді. Алматыдағы Арбатта қол ұстасып, кофе ішіп, аралауымыз керек болған. Өйткені, біз солай жоспарлағанбыз. Сол күні, яғни қарашаның 16-сы күні сені келесі ауысымға шығарып салғанда, ойланбастан: «Алақай, 20-сы күні соңғы ауысымың болады, сосын сенімен бірге бәріміз демаламыз», – дедім. Ал сен маған жауап ретінде: «Жаным, менің соңғы емес, кезекті ауысымым», - дедің. Міне, 20 қарашада сен демалысқа шықтың. Мәңгілік, қайта айналып келмейтін өте ұзақ демалысқа аттандың. Ал қазір мен осындамын. Тек біз жоспарлағандай емес. «Жыл қаһарманы» номинациясындағы саған тиесілі «Алтын адам» сыйлығын алуға келдім. Өмір - шынымен қиын, қатыгез, аяусыз және кейде мүлдем болжау мүмкін емес нәрсе. Ол 10 жаста болсын, 40 жаста болсын, ешкімді аямайды. Бірақ, соған қарамастан, сен жарқын, бай және лайықты өмір сүрдің. Алтын адамсың, Асқар Забикулин! Ғасыр адамысың! Ғасыр қаһарманысың! Жаның жәннатта болсын, жаным» деп жазды Анель.