Қызылордада киік атқан ер адам ұсталды

Қызылордада киік атқан ер адам ұсталды

Қызылордада киік атқан ер адам ұсталды
ашық дереккөзі

Қызылорда облысында көліктің жүксалғышынан киіктің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Киік» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жезқазған – Қызылорда тасжолының бойында күдік тудырған автокөлікті байқаған. Лада маркалы автокөлікті тексеру барысында көліктің жүксалғышынан оқ тиген киіктің денесі табылды. Ұсталған көлік жүргізушісі облыстың 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Айғақ заттар тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды» деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.