Жаңалықтар

«AMANAT»: бірқатар өңірдегі филиалдардың төрағасы сайланды

ашық дереккөзі

«AMANAT»: бірқатар өңірдегі филиалдардың төрағасы сайланды

«AMANAT» депутаттық фракцияларының өңірлік мәслихаттардағы жұмыс қорытындысы, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасының жүзеге асуы, сондай-ақ партия филиалдарының жаңа төрағаларын сайлау. Аманаттықтар осы және өзгеде өзекті мәселелерді бүгін партия филиалдарының кезектен тыс конференцияларында талқылады деп хабарлады turkystan.kz.

Көкшетауда «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті. Конференция делегаттары ашық дауыс беру арқылы Айна Мысырәлімованы партия филиалының төрағасы ретінде сайлады.

«Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерішалғайдағы елді мекендерге 40-тан астам сапаржасады. Қоғамдық қабылдауларға жыл басынан бері барлығы 7 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ерейментау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Есіл қаласында хоккей корты салынды. Облыстық «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен өңірде 300 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды», – деді Айна Мысырәлімова.

Осындай конференция «AMANAT»-тың Павлодар облыстық филиалында да өтті. Филиалдың жаңа төрағасы болып Илья Теренченко сайланды. Ол жыл басынан бері облыста партия бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 20 мыңға жуық жұмыс орны құрылғанын, еңбек күші артық өңірлерден Павлодар облысына 2 мыңнан астам адам көшіп келгенін, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 220 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылғанын атап өтті.

«Бастауыш партия ұйымдарының пайдасына партиялық жарналардың 20%-ын қайтару туралы норманы енгізе отырып, демеушілік ұйымдармен бірлесіп биыл жазда 100-ден астам зейнеткер үшін санаторлы-курорттық демалыс ұйымдастырылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылау мақсатында партиялық 14 мониторинг тобы құрылды. Бүгінде бас-аяғы 317 рейд жүргізілді», – деді Илья Теренченко.