Ақтөбедегі алтын өндіретін кен орнында жұмысшы көз жұмды

Ақтөбедегі алтын өндіретін кен орнында жұмысшы көз жұмды

Ақтөбедегі алтын өндіретін кен орнында жұмысшы көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы алтын кен орнында жұмысшы көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Қайғылы оқиға жайлы Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искарин хабарлады. Оның айтуынша, оқиға «АltynEx Company» компаниясында болған.
«Қайғылы жағдай бүгін болды. Мұғалжар ауданында орналасқан алтын кен орнындағы шахтада 48 жастағы энергетик көз жұмды. Қазір мән-жай анықталып жатыр. Энергетик шахтаның желдеткеші маңында отырып, кабельді монтаждау жұмысын атқарған. Ал жүк көлігінің жүргізушісі оны көрмей қалған», - деді Талғат Искарин.
Тергеу жүріп жатыр.