Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды
Алматының Тергеу соты журналист Михаил Козачковты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды деп хабарлады turkystan.kz.
«Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, 2023 жылдың 18 ақпанына дейін»,- делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпия түрде жүзеге асырылғандықтан, тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.
Еске салсақ, бұған дейін журналист Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.