«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы сайланды

«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы сайланды

«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы сайланды
ашық дереккөзі
Көкшетауда партия хатшысы Жігер Қалиевтің жетекшілігімен «АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясы өтті. Жиынға саяси және қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, «Жастар рухы» жастары қатысты. Күн тәртібінде облыстық партия ұйымының, депутаттық фракцияның өткен кезеңдегі есебі қаралды. Делегаттардың дауыс беруімен Айна Мысырәлімова «АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының жаңа төрағасы болып сайланды.  width= Басқосуда Айна Мысырәлімова партияның негізгі жұмыстарына тоқталды.
«Ақмола облысының бастауыш ұйымдары биыл 318 іс-шара өткізді. Жыл басынан бері Ақмола облысында партия қатарына мыңнан астам жаңа белсенді мүше қабылданса, бүгінде оның қатарында 20 аумақтық филиалдың бастауыш партия ұйымдарына біріккен 38 мыңға жуық азамат бар. Шалғайдағы елді мекендерде көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізу тәжірибесі енгізілді. 40-тан астам қоғамдық қабылдау өтіп, оған 335 адам қатысты», - деді Айна Мысырәлімова.
Оның айтуынша, биыл 7 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 60 пайыздан астамы оң шешімін тапты.
«Бұл - республикадағы ең жақсы көрсеткіш. Партиялық бақылауды күшейту және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен реконструкциясының сапалы және уақтылы жүргізілуіне жеке жауапкершілікті күшейту мақсатында 30 партиялық бақылау бекеті құрылды. Оның нәтижесінде 16 нысан пайдалануға берілді, 13-і партиялық бақылауда. Бүгінде партиялық бақылау бекеттерін ашу жұмыстары жалғасып жатыр», - деп атап өтті Айна Мысырәлімова.
Азаматтық қоғаммен диалог жүргізу үшін тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылау және сайлау алдындағы уәделердің орындалуына мониторинг жүргізіледі. Ол үшін «Аmanat» партиясы жанынан 20 партиялық бақылау комиссиясы және түрлі бағыттар бойынша 105 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. «Жер аманаты» комиссиясы арқасында  партия, мемлекет және құқық қорғау органдарының бірлескен күшімен бүгінде облыс бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған жер көлемі 302,3 мың гектарды құрап отыр. «Ауыл аманаты», «Бақытты отбасы», «Кедергiсiз келешек», «Ардагерлердi ардақтайық» жобалары да қарқынды жұмыс істеп жатыр. Облыстық мәслихаттағы партия фракциясының жетекшісі Ғалым Бекмағамбетов есепті кезеңге қорытынды жасады. Ал «АMANAT» партиясының хатшысы Жігер Қалиев алдағы сайлау кезеңінде партия мүшелерінің алдында тұрған басым міндеттерді атап өтті.