«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы сайланды
«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы сайланды
Көкшетауда партия хатшысы Жігер Қалиевтің жетекшілігімен «АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясы өтті.
Жиынға саяси және қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, «Жастар рухы» жастары қатысты.
Күн тәртібінде облыстық партия ұйымының, депутаттық фракцияның өткен кезеңдегі есебі қаралды. Делегаттардың дауыс беруімен Айна Мысырәлімова «АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының жаңа төрағасы болып сайланды.