Абай университетінің магистранттары шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті

Абай университетінің магистранттары шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті

Абай университетінің магистранттары шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті
ашық дереккөзі
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Халықаралық ынтымақтастық департаменті әріптестік келісім шеңберінде Жаратылыстану және география институтының магистранттары үшін Istanbul Gedik University-інде шетелдік ғылыми тағылымдама ұйымдастырды. Магистранттар оқытудан өтіп, жетекші профессорлардың дәрістерін тыңдады. Дәріс тақырыптары инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру, әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану салаларына қатысты болды. Магистранттардың зерттеу жұмыстарының көп бөлігі университеттің денсаулық сақтау, мәдениет және спорт факультетінде жүргізілді. Магистранттар ғылыми тағылымдама барысында диссертация тақырыбына сай материал жинау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Шетелдік сапар Istanbul Gedik University студенттерімен және профессорларымен танысуға және қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ жаңа білім алуға және ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді.