Жеңілдетілген автонесиенің неге тоқтап тұрғаны белгілі болды

Жеңілдетілген автонесиенің неге тоқтап тұрғаны белгілі болды

Жеңілдетілген автонесиенің неге тоқтап тұрғаны белгілі болды
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиенің неге қайта жанданбай жатқанын түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, бағдарламаның ендігі қарқыны бұған дейін несие алғандардың қарызын уақтылы төлеп тұрғанына байланысты болмақ.
«Бәйтерек» холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады», – деді Роман Скляр.