Жаңалықтар

Әйелі мен баласын соққыға жыққан ер адам өзіне қол салды

ашық дереккөзі

Әйелі мен баласын соққыға жыққан ер адам өзіне қол салды

Ақмола облысы Есіл ауданының ауылдарының бірінде ер адам әйелі мен баласын соққыға жығып, соңынан өзі атылып өлді деп хабарлады turkystan.kz. 14 желтоқсанда Есіл ауданының ауылдарының бірінде қайғылы оқиға болды. Аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ауыл тұрғыны басына оқ атып, суицид жасағаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-тергеу тобы алдын ала анықтағандай, оқиға болған күні марқұм жұбайының басын жарақаттап, оны тоқтатпақ болған 20 жастағы ұлына дене жарақатын салған.