Жаңалықтар

XVI «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

ашық дереккөзі

XVI «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда XVI халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті. Жеті күнге созылған «Еуразия» кинофестивалі аясында көрермендер мен қатысушылар 25 елдің кинокартиналарын тамашалады деп хабарлады turkystan.kz. МСМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, фестивальдің түрлі бағдарламаларына елу фильм қатысты, олардың үшеуі – «Әдемі Елена», «Боран» және «Ауыл» картиналарының көрсетілімдері әлемдік премьераларға айналды. Сондай-ақ «Мені Ивансыз жерлемеңдер» фильмінің халықаралық премьерасы және  «Мәрмәр тастай суық» және «Құдайдың шақыруы» атты азиялық екі  фильмнің премьерасы болды. Сонымен қатар, көрермендер өз елдерінен Оскар сыйлығына ұсынылған төрт картинаны, сондай – ақ Asia Pacific Screen Awards сыйлығының («Азиялық Оскар» сыйлығының) иегері «Эсимде» фильмін көрді.