10 көлікті қолды қылған шымкенттік қарақшы ұсталды

10 көлікті қолды қылған шымкенттік қарақшы ұсталды

10 көлікті қолды қылған шымкенттік қарақшы ұсталды
ашық дереккөзі

10 автокөлік ұрлады деген айыппенн Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының 50 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Ол қолды қылған көліктерді әдетте бөлшектеп сатумен айналысқан деп хабарлайды sn.kz.

Шымкент ҚІІБ Қаратау полиция бөліміне жыл басында жергілікті тұрғын шағымданып, өзінің «Дэу Нексия» маркалы қызметтік автокөлігінің жоғалып кеткенін айтқан. Шұғыл іздеу жұмыстары барысында полицейлер 1966 жылғы Сайрам ауданының тұрғынын қолға түсіріпті. Тәртіп сақшылары күдіктінің үйін тінту кезінде ұрланған автокөлікті тәркіледі.

«Тергеу кезінде күдікті азаматтың 10 автокөлік ұрлығы жайтына қатыстылығы анықталды. Тәртіп сақшылар анықтағандай, 50 жастағы азамат қараусыз қалған автокөліктерді арнайы құралдардың көмегімен есігін ашып, көліктерді ұрлап отырған. Ұрланған көлікті сатқан немесе бөлшектеп төмен бағада сатып, ақшасын өз қажетіне жаратып жүрген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі анықталуда», - делінген ОҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұрлық дерегі бойынша күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ҚР 188-бабы «Ұрлық» және 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу». Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.