Конституциялық сот – әділетті мемлекет құрудың маңызды қадамы

Конституциялық сот – әділетті мемлекет құрудың маңызды қадамы

Конституциялық сот – әділетті мемлекет құрудың маңызды қадамы
ашық дереккөзі
Астана қаласында «Қазақстанда Конституциялық соттың енгізілуі – әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Конференция 3 бөлімнен өтті. Атап айтқанда, бірінші бөлімде «Конституциялық Сот конституциялық бақылау органы ретінде: құқықтық жағдайы және оның қызметінің негіздері» атты тақырып аясында өтті. Бұл сессияны Адвокатура Академиясының құрылтайшысы Альмира Темірханқызы модератор ретінде жүргізді. Екінші сессия - «Конституциялық іс жүргізу: Конституциялық сотқа өтініштердің түрлері және оларды қарау тәртібі. Халықаралық тәжірибе» деген тақырыппен жалғасты. Үшінші сессияда - «Конституциялық сотқа жүгіну. Конституциялық соттың шешімдері: олардың заңды күші және орындау тәртібі» атты мәселе көтерілді.  width= Аталған әр сессияда заңгерлер, адвокаттар, судьялар, заң ғылымдарының докторы, ғалымдар мен сарапшылар қатысып, түрлі тақырыпта ойларын ортаға салды. Солардың бірі сарапшы Марат Бәшімов өткен конференцияға қатысты ойын БАҚ өкілдеріне берген пікірінде былай деп тұжырымдады:
«Конституциялық соттың адвокаттармен қарым-қатынасы жоғары деуге негіз бар. Соттың қолданған заңдары Конституцияға сәйкес келмесе, адвокаттар да, азаматтар да Конституциялық сотқа барып арыздана алады. Бір ғана істің өзінде қаншама адам Конституцияға сәйкес келмейтін заңдардан босатылады. Осылайша, құқықтық мемлекетте адам құқығының бірінші орында тұрғанын аңғару қиын емес», - деді.
Сарапшы Конституциялық соттан жоғарғысы болмайтынын алға тартты.
Себебі ол Ата Заңды қорғап отыр. Бұл - сот заң шығарушы органды конституциялық тәртіпке тарта алады деген сөз. 78-бап бойынша соттар да Конституциялық сотқа арыздана алады. Бірақ оны қолданбайды. Сол үшін конференция заңгерлер мен адвокаттардың адам құқығын қорғауды көтеру бойынша жұмыс істейді, - дейді Марат Бәшімов.
Конституциялық сот 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы 2022 жылдың 5 қарашасында жария түрде қол қойған болатын.  Қабылданған құқықтық актілер олардың құқықтарын бұзды деп санаса, Бас прокуратура, адам құқықтары жөніндегі уәкіл және қарапайым азаматтар Конституциялық сотқа жүгіне алады.