Конституциялық сот – әділетті мемлекет құрудың маңызды қадамы
Конституциялық сот – әділетті мемлекет құрудың маңызды қадамы
Астана қаласында «Қазақстанда Конституциялық соттың енгізілуі – әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Конференция 3 бөлімнен өтті. Атап айтқанда, бірінші бөлімде «Конституциялық Сот конституциялық бақылау органы ретінде: құқықтық жағдайы және оның қызметінің негіздері» атты тақырып аясында өтті. Бұл сессияны Адвокатура Академиясының құрылтайшысы Альмира Темірханқызы модератор ретінде жүргізді.
Екінші сессия - «Конституциялық іс жүргізу: Конституциялық сотқа өтініштердің түрлері және оларды қарау тәртібі. Халықаралық тәжірибе» деген тақырыппен жалғасты.
Үшінші сессияда - «Конституциялық сотқа жүгіну. Конституциялық соттың шешімдері: олардың заңды күші және орындау тәртібі» атты мәселе көтерілді.