«Қаңтардан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсырады. Тестілеуге дайындықты жақсарту мақсатында біз оқу жылының басында информатика бойынша ҰБТ-да кездесетін терминдер тізімін жарияладық», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Ертең ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
Ертең ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы turkystan.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Азаматтар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. ҰБТ-2023 форматында өзгерістер жоқ. Алайда, «Қазақстан тарихы» (20 сұрақ) және «Оқу сауаттылығы» (15 сұрақ) пәндерінің тест тапсырмалары санына өзгерістер енгізілді.