ӘЧ: финалдан кейін Францияда тәртіп бұзған 227 адам ұсталды
ӘЧ: финалдан кейін Францияда тәртіп бұзған 227 адам ұсталды
Катардағы әлем чемпионатының финалдық кездесуі аяқталғаннан кейін Францияның үш қаласында тәртіпсіздіктер болды деп хабарлады turkystan.kz.
Шешуші ойында құрамасының Аргентинадан жеңілгеніне ашуланған франциялық жанкүйерлер алаңға шыққан. Қақтығыстар елдің ірі қалалары – Париж, Лион және Ниццада болған.
Париждегі Елисей алаңында отшашулар мен сигнал беретін ракеталар қолданылған. Лионда да жанкүйерлер полиция қызметкерлеріне тас пен бөтелке лақтырған, қаладағы дүкендердің терезелерін сындырған.
Тәртіп сақшыларына жиналғандарды тарату үшін су атқыш құралдарын, көзден жас ағызатын газ бен таяқтарды қолдануға тура келген. Бүлік шығарған жанкүйерлерді ұстау жұмыстарына 3 мыңға жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері 227 адамды ұстады.