-28 градус аяз: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
-28 градус аяз: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 20-22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар жауып, ауа температурасы төмендейді.
Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
«Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың барлық дерлік аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, республика орталығында 15-28 аяз болады», - делінген хабарламада.