Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%-ды құрайды

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%-ды құрайды

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%-ды құрайды
ашық дереккөзі
«Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында жастардың жағдайын жақсартуға қатысты қандай шаралар атқарылғаны туралы айтылды деп хабарлады turkystan.kz. «Жастар – Отанға!» 2025 жылға дейінгі Жол картасының жүзеге асырылу барысын Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабырхан Кенжетаев баяндады. Оның сөзінше, облыста жастар саны 150 (153 382) мыңға жуық. Жастар облыс халқының жалпы санының 20%-ын құрайды. Қалада 68 510 жас, ал ауылдық жерлерде 84 872 жас тұрады.  width= 2021-2025 жылдарға арналған «Жастар – Отанға!» Жол картасының «Жастар арасында салауатты өмір салтын дамыту» бағыты шеңберінде бірнеше лот бойынша жобалар жүзеге асқан. Облыста волонтерлік қызметке 3 мыңнан астам ерікті тартылған. Волонтерлік салада 18 жастар ұйымы белсенді жұмыс атқарады. Облыста кадрлардың тапшылығын азайту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында өңірлік білім беру бағдарламалары жұмыс істейді: «Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы», «Ақмола облысы әкімінің гранттары». 2021-2022 оқу жылында Білім басқармасы желісі бойынша ЖОО студенттері үшін облыстық бюджеттен бакалавриатқа 150 грант және резидентураға 35 грант бөліген. Серпін бағдарламасы да қалыс қалмаған. Қазіргі уақытта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2% (4908 адам) құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу үшін тоқсан сайын арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұратындығын да жеткізді. Өңірімізде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 294 миллионнан астам теңге сомасына 539 көтерме жәрдемақы және 1 млрд 189 млн теңге сомасына 262 бюджеттік кредит берілген. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Ақмола облысында 2022 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша, 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі 5,6%-ды құрады, 2022 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеген. Жастар кәсіп ашуда да белсенді көрінеді. Бүгінгі күні облыста 51,8 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі белсенді қызмет етуде, соның ішінде 6 мыңнан астамы жас жеке кәсіпкерлер. Шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы 2025» болып табылады. Аталған бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыру бойынша жалпы 200 жоба мақұлданған, соның ішінде 58 жас кәсіпкердің жобалары. 2022 жылы 9 жас кәсіпкерге 39,0 млн тг. сомасында грант бөлінді. Келесі жылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 2,5% жеңілдікпен шағын кредиттеу жоспарлануда. Жастар мәселесіне бей-жай қарамайтын облыстық Білім басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері де аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады. Мәселен, өңірде студенттерді жатақханамен қамту мәселесі өзекті. Бұл мәселені шешу үшін алдағы екі жылда 4 жатақхананың құрылысы аяқталатын болады. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері тоқсан сайын жатақханаларға мониторинг жүргізіп, студенттердің әлеуметтік мәселелерін көтеріп келеді. Бұл да нәтижесіз қалмаған. Облыстық Білім басқармасымен бірлесіп, жатақханадағы тазалық, ыстық су, жылу беру, электр тоғының істен шыққандары анықталып, дереу жөнделген.  width= Жиын барысында, сондай ақ, Степногорск қаласымен Целиноград және Бурабай аудандарындағы Жастар ресурстық орталығының жұмысы жайында жауапты тұлғалар баяндады. Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова тиісті мекеме басшыларына сиырқұйымшақтанып кеткен «Ақмола жастары» бағдарламасының барысын, өмірлік қиын жағдайда қалған жасөспірімдер мәселесін үнемі бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды. Кәсіпорында еңбеккке араласқан жас мамандарды насихаттау ісіне де көңіл бөлу керектігін тапсырды.
«Еңбек адамын БАҚ, әлеуметтік желіде кеңінен насихаттау керек. Өмірлік қиын жағдайда жүрген жасөспірімдерді назарымыздан тыс қалдырмай, түрлі клуб, үйірмелерге тартып бос уақыттарын тиімді пайдалану ісіне араласуымыз қажет»,- деп тапсырды Айна Мысырәлімова.
Жалпы, жастар мәселесі оларды жұмыспен, тұрғын үймен қамту, қолжетімді әрі сапалы білім алу мәселесі қашанда өзекті бола бермек. Жастар саласындағы мемлекеттік саясатты да жетілдіру күн тәртібіндегі алғашқы тұрған мәселенің бірі. Сондықтан партия жанындағы қоғамдық кеңес жастар саясаты сұрағын әрқашан бақылауда ұстамақ. Партиялықтар жастар мәселесін науқаншыл­дық­қа айналдырмай, нақты мәсе­лелерге арнау керектігі айтылды. Жиын барысында пікір алуандығы, салмақ­ты жарыссөздер арқылы жастардың негізгі проблемалары нақтыланатын болады.