Жаңалықтар

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%-ды құрайды

ашық дереккөзі

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%-ды құрайды

«Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында жастардың жағдайын жақсартуға қатысты қандай шаралар атқарылғаны туралы айтылды деп хабарлады turkystan.kz. «Жастар – Отанға!» 2025 жылға дейінгі Жол картасының жүзеге асырылу барысын Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабырхан Кенжетаев баяндады. Оның сөзінше, облыста жастар саны 150 (153 382) мыңға жуық. Жастар облыс халқының жалпы санының 20%-ын құрайды. Қалада 68 510 жас, ал ауылдық жерлерде 84 872 жас тұрады. Жиын барысында, сондай ақ, Степногорск қаласымен Целиноград және Бурабай аудандарындағы Жастар ресурстық орталығының жұмысы жайында жауапты тұлғалар баяндады. Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова тиісті мекеме басшыларына сиырқұйымшақтанып кеткен «Ақмола жастары» бағдарламасының барысын, өмірлік қиын жағдайда қалған жасөспірімдер мәселесін үнемі бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды. Кәсіпорында еңбеккке араласқан жас мамандарды насихаттау ісіне де көңіл бөлу керектігін тапсырды. «Еңбек адамын БАҚ, әлеуметтік желіде кеңінен насихаттау керек. Өмірлік қиын жағдайда жүрген жасөспірімдерді назарымыздан тыс қалдырмай, түрлі клуб, үйірмелерге тартып бос уақыттарын тиімді пайдалану ісіне араласуымыз қажет»,- деп тапсырды Айна Мысырәлімова. Жалпы, жастар мәселесі оларды жұмыспен, тұрғын үймен қамту, қолжетімді әрі сапалы білім алу мәселесі қашанда өзекті бола бермек. Жастар саласындағы мемлекеттік саясатты да жетілдіру күн тәртібіндегі алғашқы тұрған мәселенің бірі. Сондықтан партия жанындағы қоғамдық кеңес жастар саясаты сұрағын әрқашан бақылауда ұстамақ. Партиялықтар жастар мәселесін науқаншыл­дық­қа айналдырмай, нақты мәсе­лелерге арнау керектігі айтылды. Жиын барысында пікір алуандығы, салмақ­ты жарыссөздер арқылы жастардың негізгі проблемалары нақтыланатын болады.