Тәуелсіздік мерекесінде Жезқазғанда 90 отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік мерекесінде Жезқазғанда 90 отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік мерекесінде Жезқазғанда 90 отбасы баспаналы болды
ашық дереккөзі
Тәуелсіздік мерекесінде Жезқазған қаласында 90 отбасы пәтер кілтіне ие болды деп хабарлады turkystan.kz Жезқазған қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Жезқазған қаласында Халықтар достығы мен мәдениеті сарайында салтанатты түрде рәсім өтті. Баспаналы болғандарға кілтті Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев, Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұрым Ысқақов, «Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ басшысы Аслан Арынов табыстады. Баспаналар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілді. Пәтер алушылардың қатарында көпбалалы аналар, жетім балалар, әлеуметтік осал топ санатындағы жандар бар.