Қанат Ислам келесі кездесуін 17 ақпанда өткізеді

Қанат Ислам келесі кездесуін 17 ақпанда өткізеді

Қанат Ислам келесі кездесуін 17 ақпанда өткізеді
ашық дереккөзі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам 17 ақпанда 23-кездесуін өткізеді. Қанат Исламның бұл жолғы қарсыласы бразилиялық боксшы Робсон Ассис (Robson Assis) болмақ.

Ассис осы кезге дейін 19 кездесу өткізіп, оның 16-сында жеңіске жетіп, 3 рет жеңілген. Тоғыз кездесуінде қарсыласты нокаутпен ұтқан. Отандасымыз 17 ақпанда Рой Джонстың Делавэр штатындағы (АҚШ) Уилмингтон қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді. Бұл туралы боксшының ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.