Жаңалықтар

Астанада әйгілі желаяқ Әмин Тұяқовқа арналған турнир басталды

ашық дереккөзі

Астанада әйгілі желаяқ Әмин Тұяқовқа арналған турнир басталды

Астана қаласында Әмин Тұяқовтың жүлделеріне арналған І Халықаралық турнирі басталды деп хабарлады turkystan.kz. Тұңғыш рет жалауын көтерген жарысқа Тәжікстан, Гонконг, Қырғызстан және Қазақстаннан екі жүзге тарта спортшы қатысып жатыр. «Жеңіл атлетикаға арналып салынған осындай манежде халықаралық жарыстардың көптеп өткені жақсы. Биыл менің атыма арналған жарыс бірінші рет ұйымдастырылып отыр, өте қуаныштымын. Сайыста әртүрлі елдердің спортшылары бақ сынап жатыр, бұл біздің спортшыларымызды үлкен жарыстарға дайындауға көмектеседі. Қазақстандық жеңіл атлеттер осындай бәсекелерге түсу арқылы шыңдалады, өзге ел спортшыларынан үлгі алады», - деді жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионатының жүлдегері Әмин Тұяқов. Әмин Тұяқов - жеңіл атлетикадан КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы. КСРО чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері, КСРО рекордшысы, Еуропа Кубогының иегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері.