Елордада Astana Muz Fest 2022 қысқы фестивалі өтеді

18 желтоқсан, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Елордада Astana Muz Fest 2022 қысқы фестивалі өтеді Ертең елордада Astana Muz Fest 2022 қысқы фестивалі басталады деп хабарлады turkystan.kz. Елордада 19-25 желтоқсан күндері Astana Muz Fest 2022 ауқымды қысқы фестивалі өтеді. Фестивальдің ресми ашылуы 19 желтоқсан күні сағат 18:00-де EXPO көрме орталығының алаңында өтеді. Іс-шарада еліміздің басты шыршасы жағылады, қазақстандық әртістер өнер көрсетіп, Аяз Ата мен Ақша қар кештің көркіне айналады. Елорда қонақтары мен тұрғындарына «Ғажайыптар түні» атты ертегі мұз шоуы ұсынылады.