Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Сергей Морозов UFC-де үшінші мәрте жеңіске жетті

ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы Сергей Морозов UFC-де үшінші мәрте жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов (18-5) Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 216 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Морозов америкалық Джорни Ньюсонға (10-3) қарсы шықты. Ең жеңіл салмақтағы бұл кездесу үш раундқа есептелген болатын және онда төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Осылайша, ММА-дегі кәсіби мансабында 12-жеңісіне қол жеткізді. Ал Джорни Ньюсон 4-рет жеңілді. UFC-дегі жарысқа келетін болсақ, бұл - Морозовтың промоушндегі үшінші жеңісі (екі рет жеңілді), ал Ньюсон болса, үшінші рет жеңіліс тауып отыр (әзірге ол тек бір рет қана жеңіске жетті. Оның тағы бір кездесуі орындалмаған болып есептелді).