Жаңаөзенде 19 жастағы әскери қызметкер өзіне қол салды

Жаңаөзенде 19 жастағы әскери қызметкер өзіне қол салды

Жаңаөзенде 19 жастағы әскери қызметкер өзіне қол салды
ашық дереккөзі
Жаңаөзенде келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер өз бөлмесінде асылып қалды. Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz  Lada басылымына сілтеме жасап. Оқиға 15 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласындағы ҚР Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінің жатақханасында болған. Пркурордың мәліметінше, ол келісімшарт бойынша сапер-маман болып жұмыс істеген. Оқиға туралы туыстарына ескертілді.
«Әріптесі 2003 жылы туған қатардағы жауынгерді асылып өлген күйінде тауып алды. Қайтыс болған азамат 2021 жылдан бері қарулы күштер қатарында қызмет етті. Бұл факті Жаңаөзен қалалық ІІБ-ның КҚБ-на тіркелді», — деп мәлімдеді Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасы.