Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогында алтын жеңіп алды

Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогында алтын жеңіп алды

Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогында алтын жеңіп алды
ашық дереккөзі
Финляндияда өткен парабиатлоннан әлем кубогы кезеңінде Ербол Хамитов 10 км қашықтықты 32:37.0 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі деп хабарлады turkystan.kz.  width= Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын тағы бір украин спортшысы Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды. Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс - Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль. Еске сала кетсек, парашаңғы мен парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.  width= Жарыста Ербол Хамитов парашаңғыдан 5 км қашықтықта күміс жүлде, 10 км қашықтықта қола жүлдені еншілесе, Александр Герлиц парабиатлоннан 12.5 км қашықтықта қола медальге ие болған.