Мұхтар Тілеуберді Хорватия СІМ басшысымен сөйлесті

Мұхтар Тілеуберді Хорватия СІМ басшысымен сөйлесті

Мұхтар Тілеуберді Хорватия СІМ басшысымен сөйлесті
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz. Тараптар Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 30 жылдығына орай құттықтаулармен алмасып, екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Хорватия сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі және ауқымды реформаларының тиімді жүзеге асырылуын атап өтті. Өз тарапынан М. Тілеуберді Хорватияның 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Шенген аймағына қосылуымен және еуро аймағына кіруімен құттықтап, ҚР-ЕО форматындағы ынтымақтастық шеңберінде елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастардың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.