Жаңалықтар

Ержан Сұлтанбаев атындағы әскери кабинет ашылды

ашық дереккөзі

Ержан Сұлтанбаев атындағы әскери кабинет ашылды

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында жауынгер-журналист Ержан Серікбайұлы Сұлтанбаевты еске алу мақсатында «Әскери журналистиканың дамуы мен ұлттық моделі» атты әдістемелік семинар өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара 2022 жылы 15 желтоқсанда Түркістан облысы Жетісай ауданы Қоғалы ауылында орналасқан Жолдасбек Сүлейменов атындағы орта мектебінде ұйымдастырылды. Шара барысында заманауи үлгіде жабдықталған жауынгер-журналист Ержан Сұлтанбаев атындағы әскери оқу сыныбы ашылды.  Әскери сыныпта  жауынгер-журналистің балалық шағы, әскердегі жылдары мен студенттік  өмірін қамтыған кезеңде қолданған бұйымдары қойылған. Сондай-ақ  оқу кабинет қорғаныстағы атыс жүйесі, шабуыл негіздері, жалпы әскери ұрыстың негізгі түрлері аталатын стендтік материалдармен жабдықталды.  Сұлтанбаевтар әулеті оқу сыныбына интерактивті тақта, соңғы үлгідегі компьютер,  әмбебап принтер, 30 орындық оқушы партасы, мұғалім столы мен орындықтар сыйлады.