В.Путин: Трамп жезөкшелерге жүгірмейді

В.Путин: Трамп жезөкшелерге жүгірмейді

В.Путин: Трамп жезөкшелерге жүгірмейді
ашық дереккөзі
Владимир Путин Дональд Трамптың Мәскеуге келе салып, жеңіл жүрісті қыздармен кездесті деген қаңқу сөзге сенбейтінін айтты. Оның пікірінше, сұлулық сайысын ұйымдастырушы ретінде әлемнің ең сұлу қыздарымен араласқан Трамп мырза әлеуметтік жауапкершілігі төмен қыздармен кездеспейді. Ресей президентінің бұл мәлімдемесін centralasian.org. жариялады. "Трамптың Мәскеуге қашан келгені есімде жоқ, бірнеше жылдар бұрын болу керек. Ол кезде Трамп ешқандай саяси қайраткер болмаған. Біз оның, тіпті саяси амбициясы барын да білмедік. Ол жәй бизнесмен әрі Америкадағы ең бай адамдардың бірі болды. Арнайы қызмет әрбір америкалық миллиардердің ізіне түседі деп ойлайды ма? Әрине жоқ, бұл барып тұрған сандырақ", – деді Путин баспасөз мәслихаты кезінде. "Екіншіден: Трамп келді де, бірден мәскеулік жезөкшелермен кездесті дейді. Ол үлкен кісі әрі көп жылдардан бері әлем аруы байқауын ұйымдастырады. Ол әлемнің ең сұлу қыз-келіншектерімен араласты. Мен оның бірден келіп, әлеуметтік жауапкершілігі төмен қыздармен кездесу үшін қонақ үйге жүгіріп барды дегенге сене алмаймын. Олар сөзсіз, әлемдегі ең таңдаулылар, бірақ Трамп оларға қарайды дегенге күмән келтіремін", - деп атап өтті Путин. Путин сонымен бірге жезөкшелікті бейбастық әлеуметтік құбылыс деп атап, ал АҚШ-тың сайланған президенті туралы түрлі қауесетке тапсырыс беріп, соны саяси күресте пайдаланатын адамдарды жезөкшелерден де асып түкен, оларда моральдық шектеу жоқ деп атап өтті. Путин Трамп жайында "компроматқа" түсініктеме бере келіп, 11 қаңтарда CNN бұл жайында бірінші рет ақпарат бергенін, ал BuzzFeed интернет-ресурсы 35 беттен тұратын құжатты жариялағанын айтты.