Елтеріс Құтлық қаған кешені Еуропа төрінде ұлықталды

Елтеріс Құтлық қаған кешені Еуропа төрінде ұлықталды

Елтеріс Құтлық қаған кешені Еуропа төрінде ұлықталды
ашық дереккөзі
Бүгін Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Түркі өркениеті және жаһандық мәдениет: Елтеріс Құтлық Қаған бітіктасы» атты халықаралық форум өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
«Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған іргелі іс-шарада таяуда Арханғай аймағында табылған Елтеріс Құтлық Қаған бітіктасы таныстырылды. Археологиялық экспедицияға басшылық етіп, осы ірі ғылыми жаңалықтың бір бөлшегі болғанымды мақтан тұтамын.
Ғылыми жиынға халықаралық ұйым жетекшілері, ТМҰ мүше елдердің ЮНЕСКО жөніңдегі ұлттық комиссия төрағалары, Ұлттық Ғылым академияларының басшылары, көптеген елдердің белгілі ғалымдары мен танымал түркологтар қатысты» деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіде.