Қазақстанда студенттердің 63 %-ы ақылы бөлімде оқиды

Қазақстанда студенттердің 63 %-ы ақылы бөлімде оқиды

Қазақстанда студенттердің 63 %-ы ақылы бөлімде оқиды
ашық дереккөзі
2022-2023 оқу жылында студенттер саны 578,2 мың адамға жетті, оның ішінде қыздар – 308,6 мың адам немесе 53,4% деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. Студенттердің жалпы санының күндізгі бөлімінде 98,5%, сырттай – 0,7% және кешкі оқу түрінде 0,8% оқиды. Мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі - 21,7%, жеке ұйымдарда - 77,5%, шетелдік ұйымдарда – 0,7%. Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша есепті оқу жылында мемлекеттік білім гранты бойынша 213,4 мың адам немесе 36,9% оқиды. Ақылы білім қызметтерін 364,9 мың адам немесе білім алушылардың жалпы санының 63,1% алады. 2022-2023 оқу жылының басында қабылданған студенттер саны 163,5 мың адамды құрады, оның ішінде қыздар – 86,2 мың адам немесе 52,7%. Оқуға түскен студенттердің жалпы санының 68,6% – жалпы орта білім базасында, 20,2% – техникалық және кәсіптік білім базасында және 11,2% - жоғары білім базасында қабылданды. Есепті жылы қабылданған студенттердің жалпы санының 1,7% - ТМД елдерінен, 1,2% - алыс шетелден келді, Қазақстаннан қабылданған студенттердің үлесі - 97,1%. Қаладан тыс жерлерден келген студенттердің жалпы саны - 295,1 мың. Оның 24,8% жатақханада тұрады, ал 40%жатақханаға мұқтаж. 2022-2023 оқу жылының басында 555,7 мың адам немесе студенттердің жалпы санының 96,1% - Қазақстан тұрғындары, 11,1 мың адам немесе 1,9% ТМД елдерінен және 11,4 мың адам немесе 2% алыс шет елдерден келді. Студенттердің ең көбі Өзбекстаннан (1,4%) және Үндістаннан (1,3%).