Елордада «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» атты іс-шара өтті

Елордада «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» атты іс-шара өтті

Елордада «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» атты іс-шара өтті
ашық дереккөзі
Бүгін «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен егемендігімізге зор үлесін қосқан ұлт батырларына тағзым ету мақсатында «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» атты іс-шара өтті деп хабарлады turkystan.kz. Тәуелсіздік күніне арналған шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылды. Кездесуге айтыскер ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, елордалық мәслихат депутаты, Е. Рахмадиев атындағы Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармонияның директоры Дәкенов Ерлан, ақындар Асан Мирас, Жүніс Ерлан, Сәрсенхан Батырхан және тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл спикер ретінде қатысып, жастармен жүздесті. «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, шараларға «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» деп тегін ат бермеген.
«Тәуелсіздік ұғымы қазақ халқы үшін киелі. Ел, жер, Отан бостандығы жолында қаншама зиялылар, батыр жауынгерлеріміз, күрескерлер өз жандарын қиды. Оңай жолмен келмеген егемендік күнін атойлатпай, өз арамызда еске алу кеші ретінде өткізгіміз келді. Жастарымыз шынымен де маңызды күннің «салмағын» терең ұғынса дейміз. Осы орайда, «Жастар Рухы» барлық аймақтарда тәуелсіздік үшін күрескен азаматтармен кездесулер өткізуде. Жастар тарихты бағалап, оның қадір-қасиетін ұғынуы тиіс. Ұлттық рухымыздың діңгегі – тәуелсіздік екенін олардың саналарына сіңіру біздің парыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, айтылу күнде батырларға тағзым етуді алдыңғы орынға қойған жөн», – деп өз пікірін білдірді Нұржан Жетпісбаев.
Айтыскер ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай тәуелсіздік тақырыбын жастар жадында жаңғырту ерекше рөл ойнайтындығын атап өтті.  width=
«Адамзат баласының даму тарихында ең үлкен мақсат – халықтың еркін өмір сүруіне, тәуелсіздікке деген ұмтылысы. Тәуелсіздікді бізге сыйлық ретінде ешкім алып келіп берген жоқ.Азаттық жолында, төрелі тәуелсіздіктің жолында қаншама ғасыр бойы ата-бабаларымыз қан төкті, бір жағадан бас, қос жеңнен қол шығарып, үлкен мақсат үшін бірлесе білді. Ата-бабаларымыз жанын қиып әкелген бүгінгі тәуелсіздігімізді сақтау,құрметтеу, оны ардақтау, баянды ету – өсіп келе жатқан жастардың қолында. Қоғам мен елдің дамуындағы қозғаушы күші – жастар. Жастарымыздың жадынан қазақ халқының жүріп өткен жолын, тәуелсіз болсам деген арманын шығармаған жөн. Терең түсініп, ұғына білген азамат қана бұл мерекенің маңыздылығын сезінеді деп ойлаймын. Бүгінгі кездесуде өскелең ұрпақ көзінен Отанына деген сүйіспеншілігін көріп, қуандық десем қателеспеймін. Азаттықты аңсап кеткен бабалар үмітін ақтап, болашақты жарқын ету, міне осы жастардың қолында», – деді Аманжол Әлтай.
 width= Жастар қанатының белсенділерімен өткен кездесу барысында қонақтар желтоқсаншылар жайында сөз қозғап, тарихтан сыр шертті. Күрескерлерге арналған өлең шумақтары оқылып, поэзия кешіне ұласты.