Дәулет Мұқаев «Аватар-2» фильмінің қазақ тіліндегі сеансын көбейтуді талап етті

Дәулет Мұқаев «Аватар-2» фильмінің қазақ тіліндегі сеансын көбейтуді талап етті

Дәулет Мұқаев «Аватар-2» фильмінің қазақ тіліндегі сеансын көбейтуді талап етті
ашық дереккөзі
15 желтоқсанда «Аватар: Су жолы» фильмі қазақ тілінде жарыққа шықты. Кинотеатрларға жол тартқан фильмнің 20-дан астам көрсетілімінің тек бірі ғана қазақша. Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі туындыны қазақ тілінде көргісі келетінін айтып, наразылық білдіруде деп хабарлады turkystan.kz. Олардың арасында танымал блогер Дәулет Мұқаев та бар. Ол Instagram-дағы парақшасында атылмыш фильм қазақ тіліне дубляждалғанымен, сеанс қолайлы уақытқа қойылмағанын жазды.
«Қараңыздаршы, көптен күтіп жүрген «Аватар-2» фильмінің қазақ тіліндегі сеансына қойылған уақытты. Тек 14:30-да. 28 көрсетілімнің тек 1-еуі ғана қазақша! Бұл фильм қазақ тіліне дубляждалады дегенде қуанып едім. Елдегі барлық кинотеатрларда осы жағдай. Қош, орысша да болсын делік. Бірақ біздегі 50-де 50 деген заң қайда? Мысалы, мен жұмыстан кейін, бала-шағамның сабағынан кейін кешкі уақытта кинотеатрға барғым келеді делік. Бірақ оған мүмкіндік жоқ», - деді блогер.
Ол көпшілікті бұл мәселеге бей-жай қарамауға шақырды.
«Ертеңнен бастап киноға барсақ, осыны талап етейік. Тілге сұраныс арттыру өзімізден. Ұлтына жаны ашитын әрбір оқырманым, бұл фильмнің орысшасына бармаңыздар! Одан да қазақ тілінде көптеп қойылуын сұрайық», - деді Дәулет Мұқаев.